Accessibility links

Теһран Батыс журналисін елден қуып жатыр


Иран үкіметі Англияның Би-Би-Си телерадиохабар таратушы корпорациясының тілшісін «персона нон грата» деп жариялады.
Джон Лейне 1 тәуліктің ішінде Ираннан кетуге міндетті. Ресми Теһран оны елдегі наразылық толқынын бұрмалап көрсетті және «тәртіпсіздіктерге қатысқандарды қолдады» деп айыптады. Иран үкіметінің өз журналисінен елден кетуді талап еткенін Би-Би-Си корпорациясы растады.
Жексенбі күні Англияның сыртқы істер министрі Дэвид Милибэнд Ирандағы соңғы президент сайлауының нәтижесі бұрмаланды деп санайтын оппозицияны ресми Лондон қолдап отыр деген Иранның айыбын мойындамады. Милибэнд Иран басшысын сайлау Иран халқының өз ісі деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG