Accessibility links

Үкіметті цементтің қымбаттауы алаңдатып отыр


«Жол картасы аясында аймақтарға өте көп ақша бөлінді, бірақ бізде цементтің бағасы қымбаттап кетті, бұрын бір тоннасы 8 мың теңге болса, қазір 12 мың теңгеден, яғни ақша келісімен құрылыс материалдары қымбаттауда. Бұл мәселемен монополияға қарсы ведомство айналысуы керек», — деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко.

Ал вице-премьер Өмірзақ Шүкеев бір ай бұрын үкіметтің цемент зауыттарымен және құрылыс компанияларымен меморандумға қол қойғанын, ол бойынша бағаның бұрынғыша екенін, бірақ еркін нарықта цемент құнының өсіп кеткенін айтты.

Вице-премьердің хабарлауынша, бүгін Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттіктің басшысы Мәжит Есенбаевтің қатысуымен осы мәселеге арналған жұмыс тобының отырысы өтеді.
XS
SM
MD
LG