Accessibility links

Бүгін Совет-Герман соғысының басталған күні


Бүгін Совет-Герман соғысының басталғанына 68 жыл толды. 1941 жылдың дәл осы күні таңғы уақытта Германияның Совет Одағына ешқандай ескертусіз соғыс ашқаны белгілі.

Совет-Герман соғысындағы ең ірі операциялар ретінде Ленинград шайқасы (1941 шілденің 10-ы — 1944 тамыздың 9-ы), Мәскеу түбіндегі шайқас (1941 қыркүйектің 30-ы — 1942 сәуірдің 20-сы), Сталинград шайқасы (1942 шілденің 17-сі — 1943 ақпанның 2-сі), Курск шайқасы (1943 жылғы шілденің 5-сі — тамыздың 23-і), Берлин шайқасы (1945 жылғы сәуірдің 16-сы — мамырдың 8-і) аталады.

1941-1945 жылдар аралығында Қазақстаннан 1 миллион 700 мыңнан астам адам майданға аттанды. Соның жартысынан астамы, яғни халықтың шамамен 10 пайызы соғыстан қайтып оралған жоқ, — дейді тарихшылар.

Соғыс жылдары республикада 12 атқыштар дивизиясы, 4 ұлттық кавалериялық дивизия, 7 атқыштар бригадасы, соның ішінде 2 ұлттық атқыштар бригадасы майданға жөнелтілді. Бұдан бөлек, Қазақстанда 50-ге жуық полк пен батальондар жасақталған.

500 қазақстандық Совет Одағының батыры атағына ие болды. Солардың арасында төрт адам – Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов және Сергей Луганский - екі мәрте Совет Одағының батыры атанды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG