Accessibility links

Қараойдағы қойманың жарылуына байланысты әскери қызметкер күдікке ілінді


Қазақстан әскери прокуратурасының хабарлауынша, Алматы облысы Іле ауданындағы Қараой кентінен 1 шақырымдай жерде орналасқан полигондағы оқ-дәрілер қоймасындағы болған жарылысқа келісім-шартпен қызмет етуші әскер кінәлі деп танылды.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, маусымның 8-нен 9-на қараған түні Алматы облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің 2466-шы әскери бөлімінің оқ-дәрілер қоймасында жарылыс болып, соңы өртке ұласқан, соның салдарынан 20 жастағы жедел қызметтегі әскери қызметкер Н. В. Овчаренко қаза тапты.

Өрт әкелген материалдық шығынның көлемі 100 миллион теңгеден асады. Төтенше жағдайдың себептері әбден зерттелді, соның нәтижесінде бүгін әскери прокуратура 24 жастағы келісім-шартпен қызмет етуші әскер, оқ-дәрілер қоймасының бастығы Евгений Хоменконы кінәлі деп тапты. Қазір тұтқында отырған оның үйінен тінту барысында қоймадан ұрланған әскери патрондар табылған.
XS
SM
MD
LG