Accessibility links

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген 45 адам ұсталды


ҚР ІІМ-нің баспасөз хатшысы Қуанышбек Жұмановтың хабарлауынша, өткен аптада ішкі істер органдарының қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген 45 қылмыскерді ұстаған.

Қылмыскерлердің жартысынан астамы Ресейдің, қалғандары Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан мен Украинаның құқық органдарының сұрауымен ұсталған. Сонымен бірге 15 -21 маусым аралығында мемлекет аумағында жүргізілген тәртіп шаралары барысында әртүрлі дәрежедегі қылмыстары үшін іздеу жарияланған 400 кісі қолға түскен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG