Accessibility links

Ұлттық банк шығарған алтын тиындар «Жалаулы көмбесі» деп аталады


Қазақстан Ұлттық банкі «Әлемнің ең ұсақ тиындары» сериясымен 50 және 100 теңгелік алтын тиындар шығарды.

«Жалаулы көмбесі» атты бұл тиындардың орта тұсында Жалаулы көмбесінен табылған бұғы пішіндес алтын бұйым орналастырылған.

Салмағы 0,5 граммдық 50 теңгелік тиын 999/1000 сынамалы алтыннан құйылған, жалпы таралымы 14 мың дана, оның 5 мың данасы Қазақстанның ішкі нарығына арналған.

Ал дәл осындай сападағы 100 теңгелік тиынның салмағы 1,24 грамм. 5 мың данасы Қазақстанның ішкі нарығына арналған 100 теңгеліктердің жалпы саны 9,5 мың дана.
XS
SM
MD
LG