Accessibility links

Ингушетия президенті ауыр халде


Ингушетия президенті Юнус Бек Евкуров көлігіне жасалған шабуылдың нәтижесінде жарақат алды. Ресей ресмилерінің хабарлауынша, жарылыс жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 08:30-да орын алған, дәл сол кезде президент өз кеңсесіне бара жатқан болатын.

Евкуров ауыр халде ауруханаға жеткізілді деп хабарланып отыр. Бұл шабуылдан сондай-ақ кемінде 3 адам жараланды. ИТАР-Тасс ақпарат агенттігінің мәліметінше, президенттің 3 оққағары қаза тапқан.

Ресей президенті Дмитрий Медведев бұл шабуылды айыптап, оны қарақшылар жүзеге асырды деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG