Accessibility links

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың билік басына келген күні


Бүгін ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстандағы жоғары билік басына келгеніне тура 20 жыл толды. 1989 жылы маусымның 22-інде ол Алматыда өткен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің XV Пленумында Орталық Комитеттің І хатшысы қызметіне сайланған еді.

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы, Қазақстан Қарулы күштерінің жоғары Бас қолбасшысы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы, «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының төрағасы болып табылатын Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы шілденің 6 –сы күні Алматы облысы Қаскелең ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.

Нұрсұлтан Назарбаев 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрген, экономика ғылымдарының докторы.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларуссия ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

Н. Назарбаев 1990 жылдың сәуірінен бастап Қазақ КСР президенті, 1991 жылғы желтоқсанның 1-інде өткен тұңғыш Қазақстан Республикасы президентінің жалпыхалықтық сайлауында 98,7 % дауыспен жеңіске жеткен.

1995 жылы сәуірдің 29-ындағы жалпыхалықтық референдум нәтижесінде ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылған.

1999 жылғы қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлауда 79,78% дауыс алған Н. Назарбаев Қазақстан Республикасының президенттігіне қайта сайланған.

2005 жылғы желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысына ие болып, ҚР президенті болып қайта сайланды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG