Accessibility links

Иран сайлауда заңбұзушылықтар болғанын мойындады


Иранның Сақшылар кеңесі президент сайлауындағы дауыс берулерде заңбұзушылықтар болғанын мойындады. Кеңестің баспасөз хатшысы Аббас Али Кадходайдың мәлімдеуінше, елдің 50 қаласында саналған дауыстардың саны сайлаушылардың санынан көп болған. Даулы сайлау бюллетендері шамамен 3 миллионға жетті бірақ бұл сайлаудың нәтижесіне бәрібір әсер етпейді деді Кадходай.

Ал бұл екі арада оппозиция жетекшісі Мирхоссейн Мусави өз қолдаушыларын президент Махмуд Ахмадинежадтың қайта сайлануына байланысты наразылық шараларын одан әрі жалғастыруға шақырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG