Accessibility links

Ауғанстанда жанкештілік шабуылдан 3 адам опат болды


Ауғанстанның оңтүстігінде орын алған жанкештілік шабуылдан 3 сарбаз қаза тапты. Полицияның хабарлауынша, бұл жарылыс әскерилер Қандағар өлкесіндегі көпірде тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде болған. Зади ауданының полиция жетекшісі Нияз Мохаммад Серхадидің айтуынша, дүйсенбі күнгі бұл шабуылдан сондай-ақ 2 қарапайым азамат пен 5 сарбаз жарақат алған.
XS
SM
MD
LG