Accessibility links

Бүгін Қазақстан полициясының күні


1992 жылы Жоғарғы Кеңес «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» заң қабылдаған болатын. Бұл — Қазақстан полициясының құқығы мен өкілеттілігін белгілейтін тұңғыш құжат.

2007 жылы мемлекет басшысының арнайы Жарлығы бойынша 23 маусым Қазақстан полициясының күні ретінде ресми түрде аталып өтетін болып белгіленді.

Бұл күні ішкі істер органдарының қызметкерлері түрлі марапаттарға ие болады. Тәуелсіздік жылдарында полиция мен ішкі әскердің 433 қызметкері марапатталды. Ішкі істер органдарының 72 қызметкері «Даңқ» және «Айбын» ордендерін иеленді. 68 қызметкер қайтыс болған соң марапатталды.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Қуанышбек Жұмановтың мәліметінше, қызмет бабында 606 полиция қызметкері қаза болып, 1451 полицей жарақаттанған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG