Accessibility links

Алматыда ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтпек


Алматы қаласы әкімшілігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 27 маусым, яғни сенбі күні қаланың «Астана» алаңында Алматы қаласы мен Алматы облысы тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жәрмеңкеге қойылатын мал және ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасы базардағыдан 15-20 %-ға арзан болмақ.

Таңғы сағат 8.00-ден бастап жұмыс істейтін жәрмеңке Панфилов және Қазыбек би, Фурманов - Төле би, Қабанбай батыр - Панфилов көшелерінің қиылысқан аумағында өтеді.
XS
SM
MD
LG