Accessibility links

Қазақстан заңын бұзған 30 шетелдік азамат еліне қайтарылды


Биылғы жылдың басынан бері Маңғыстаудағы көлік прокуратурасының қызметкерлері ҚР миграциялық заңнамасын бұзғаны үшін 30 шетелдік азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Олардың 5-і соттың шешімімен Қазақстанға 5 жыл мерзімде келе алмайтындай етіп, елден шығарылып тасталды, — деп хабарлады Маңғыстаудағы көлік прокурорының көмекшісі А.Әбілов.

Сондай-ақ Өзбекстанның 13 азаматына қатысты құқық бұзушылық жөнінде әкімшілік іс қозғаған. Және жолаушыларды жол жүру билетінсіз тасымалдау деректері анықталған. Бұл дерек бойынша екі жолсерік пен 4 жолаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
XS
SM
MD
LG