Accessibility links

Мас күйінде көлік жүргізген әділет вице-министрі ұсталды


Астанада мас күйінде көлік жүргізген ҚР Әділет вице-министр Марат Бекетаев қолға түсті, — деп хабарлайды ҚазТАГ.

«Жұмадан сенбіге қараған түні сағат екілерде жол полициясының қызметкерлері Молдағұлова көшесінде мас күйінде рульге отырған «Тойота-Камридің» жүргізушісін ұстаған. Құжаттарын тексерген кезде ол ҚР әділет вице-министрінің қызметтік куәлігін көрсеткен», — дейді Астана жол полициясы басқармасының бастығы Б. Айқымбеков.

Оның айтуынша, М. Бекетаев медициналық тексеруден өтуден бас тартқан. Қазіргі уақытта әділет вице-министріне қатысты іс Астананың әкімшілік сотында қаралуда.

32 жастағы Марат Бекетаев ҚР Әділет вице-министрі болып 2007 жылдың 7 маусымы күні тағайындалған. Оған дейін ҚР премьер-министрінің кеңесшісі болып қызмет атқарған. Қызметтік міндетін қалтқысыз орындағаны үшін «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG