Accessibility links

Сеул мен Мәскеу газ тасымалы туралы келісімді талқылады


Бүгін Оңтүстік Корея мен Ресей ресмилері Солтүстік Корея арқылы өтетін табиғи газ келісімін талқылап жатыр. КореяГазКорпорэйшен ресмилерінің айтуынша, Ресейлік Газпром компаниясының басшысы Алексей Миллер газ тасымалы келіссөздерінің егжей-тегжейін талқылау үшін Сеулге дүйсенбі күні келген. Оңтүстік кореялық газ компаниясының өкілдері айтып отырғандай, бұл кездесуде Ресейдің қиыр шығысынан Солтүстік Корея арқылы Оңтүстік Кореяға газ жеткізетін жобаны немесе газды сұйықтық күйінде тасу мүмкіндіктері қаралды.
Газпром Оңтүстік Кореяға 2015-2017 жылдар аралығында жылына 10 млд текше метр газ беріп отыруға келісті. Бастапқы келісім өткен жылы Мәскеуде жасалған болатын.
XS
SM
MD
LG