Accessibility links

АҚШ пен Қырғызстан Манас әуебазасы бойынша келісім жасады


Құрама Штаттар мен Қырғызстан Вашингтонның Манас әуебазасы арқылы Ауғанстанға жүк жеткізуін жалғастыра беретін келісімге қол жеткізді.
Бішкектен түскен хабарларға қарағанда, ресмилер бұл келісім нұсқасы АҚШ ұшақтарына Ауғанстандағы американдық күштерге тек қауіпсіз заттар тасуына мүмкіндік береді.
Бұл жаңа келісімге сәйкес, американдықтар Манасты толық-қанды әскери база ретінде ұстай алмайды.

Ақпан айында Қырғызстан аяқастынан Вашингтонға бұл Манас әуебазасын тамыздың 18-де жабу туралы талап қойған. Бішкектің бұл шешімі Мәскеудің ықпалымен жасалған болуы мүмкін деп айтылды. Таяуда қырғыз ресмилері бұл шешімдерін қайта қарауға дайын екендіктерін танытты.
XS
SM
MD
LG