Accessibility links

Ресей президенті Мысырға барды


Бүгін Ресей президенті Дмитрий Медведевекі күндік сапармен Қаирға барды. Бұл оның Африкан елдеріне сапарының алғашқы аялдамасы болып отыр. Мысырдан кейін Медведев Нигерия, Намибия және Анголаға сапар шегеді.
Мысырда Медведев президент Хосни Мүбаракпен кездесіп, екі елдің арасындағы экономикалық және сауда байланыстарын дамыту жөнінде келіссөздер өткізбекші.
Мысыр сыртқы істер мекемесі Ресей президентінің сапары алдында хабарлағандай, екі президент Ресей мен Мысыр арасындағы байланыстарды стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеретін бес келісімнің қол қойылу салтанатына қатысады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG