Accessibility links

Ауғанстанда германиялық үш әскер мерт болды


Ауғанстанның Құндыз провинциясында Германияның үш сарбазы қаза тапты. Германия сыртқы істер министрлігінің хабарына қарағанда, әскерлер Құндыз қаласының оңтүстік-батысынан 6 шақырымдай жерде барлау миссиясымен жүргенде оққа ұшқан.
Ауғанстанда қаза тапқан германиялық әскерлер саны осымен 34-ке жетті.
Германия Ауғанстандағы НАТО миссиясына қосылып, 4,500 сарбазын жіберген. Қазірде Германияның ауған жерінде 3,720 әскері қалды.
XS
SM
MD
LG