Accessibility links

Астанада Еуро-атлантикалық әріптестік кеңесінің форумы басталды


24-25 маусым күндері Астанада Солтүстік Атлантика Шарты Ұйымы (НАТО) Еуро-атлантикалық әріптестік кеңесінің ІІІ қауіпсіздік форумы өткізіледі. Алғаш рет бұрынғы советтік кеңістікте өткізілгелі отырған форумға қатысушылар Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселесін талқыға салмақ.

Бұл форумға төрағалық ететін НАТО –ның Бас хатшысы Яап де Хооп Схеффер бүгін Қазақстан сыртқы істер министрі Марат Тәжинмен кездесті.

Еуро-атлантикалық әріптестік кеңесінің бұған дейінгі форумдары 2005 жылы Швецияда, 2007 жылы Македонияда өткен.

«Әріптестік арқылы қауіпсіздікке» тақырыбын арқау қылған форум аймақтық және жаһандық қауіпсіздік мәселесін талқылайтын бейресми пікір алаңы болып табылады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG