Accessibility links

Ауғанстанда күйікке шалынған Қазақстан азаматтарының жағдайы ауыр


Қазақстанның алты азаматы Ауғанстандағы Хайратон қаласына жақын маңда жанармай құятын машинаның жануы салдарынан зардап шекті, — деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның ақпараты бойынша, күйіп қалған зардап шегушілердің бесеуінің жағдайлары өте ауыр, олар қазіргі уақытта Өзбекстанның Термез қаласындағы жедел медициналық көмек орталығында жатыр.

Өрттен зардап шеккендердің Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының және Алматы қаласының Ауғанстан аумағында кәсіпкерлікпен айналысып жүрген азаматтар екені анықталған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG