Accessibility links

"Қазатомпром" ісіне қатыстылардың құқықтары бұзылуда"


Бүгін «Қазатомпром» ұлттық компаниясының ісіне қатысты ұсталған азаматтардың жұбайлары «Қазатомпром» ісіндегі адам құқықтары бұзылуының жалғасуы» тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізбек.

Бұдан бұрын дәл осы мәселеге қатысты 15 маусым күні Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюроның директоры Евгений Жовтис пен «Қазатомпром» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің әйелі Жәмила Жәкішева баспасөз мәслихатын өткізген болатын.

Баспасөз мәслихатына Мұхтар Жәкішевтің бұрынғы күзетшісі Талғат Қыстаубаевтың әйелі Сара Сағындықова, Мұхтар Жәкішевтің екінші орынбасары болған Дмитрий Парфеновтің әйелі Наталья Парфенова, вице-президент Малхаз Цоцорияның әйелі Марийка Цоцория және Степногорск тау-химия комбинаты ЖШС-нің бас директоры Эшмурат Пирматовтың әйелі Тамара Пирматовалар қатысады.
XS
SM
MD
LG