Accessibility links

«1-мамыр» ауылындағы әскери бөлімде тағы бір сарбаз өмірмен қоштасты


Алматы облысының «1-мамыр» ауылы маңында орналасқан 78460 әскери байланыс бөлімшесінде тағы да қайғылы оқиға орын алды, әскерилерге арналған үйлердің бірінен қатардағы жауынгер Бекнұр Нұрқұловтың мәйіті табылған, — деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бұдан 2 апта бұрын ғана дәл осы ауылдағы әскери бөлімде Қайрат Нұржанов есімді сарбаздың асылып өлгені хабарланған.

Байланысшылар бөлімінде 3 жылғы келісімшартпен қызмет етіп жатқан 22 жастағы Бекнұр Нұрқұлов әскерге осы Алматы облысынан шақырылған. Әскери қызметінің бір жылы аяқталғанда өмірмен қоштасқан сарбаз жазып қалдырған хатында өліміне кінәлі деп есептейтін адамның есімін атапты. Бұл дерек бойынша қазір арнайы құрылған тексеру тобы жұмыс істеуде.
XS
SM
MD
LG