Accessibility links

Интернет-ресурстарды дәстүрлі БАҚ-қа теңестіретін заң өзгерістері қабылданды


Қазақстан Парламентінің Мәжілісі ақпараттық-коммуникациялық желілер мәселелері жөніндегі заңнамаға Сенат ұсынған өзгерістермен келісті. Редакциялық және нақтылаушы сипаттағы өзгертулері бар Сенаттың ұсынуындағы бұл құжатты жалпы алғанда қабылданды деуге болады, заңнама өзгерістері қол қою үшін мемлекет басшысына жіберілді.

Бұл заңнамадағы өзгерістер бойынша Қазақстандағы барлық интернет-ресурстар дәстүрлі БАҚ-қа теңестіріледі. Сондай-ақ бұл құжат заңнамаға сәйкес келмейтін Қазақстанда таралатын шетелдік БАҚ өнімдеріне қатысты шағымданушының мекені бойынша және жауапкердің қатысуынсыз сот өндірісінің болу мүмкіндігін де қарастырады.
XS
SM
MD
LG