Accessibility links

Мусавидің әйелі Иран билігін тұтқындалғандарды азат етуге шақырды


Ирандағы президент сайлауына түскен үміткер Мир Хоссейн Мусавидің әйелі даулы сайлауға байланысты наразылық шараларында тұтқындалған адамдарды тезарада босатуға шақырды. Захра Рахнавардтың бұл мәлімдемесі Мусавидің интернеттегі парақшасында жарияланды. Ол заңды шерулерді одан әрі жалғастыру оның міндетіне жататынын айтып, көшелерде қарулы күштердің орналастырылуын сынады. Мүсінші әрі академик Рахнавард күйеуі Мусавимен бірге сайлау алды науқанын жүргізген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG