Accessibility links

Лавров Грузия мәселесін талқылау үшін Швейцарияға барды


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Грузиядағы жағдайға байланысты келіссөз жүргізу үшін Швейцарияда жүр. Өткен жылғы соғыстан кейін Тбилиси мен Мәскеу арасындағы дипломатиялық байланыс үзілген соң Швейцария Ресей мен Грузия арасында ресми түрде арағайындық роль атқарып келеді.

Өткен аптада Ресей Грузиядағы БҰҰ миссиясын кеңейту туралы қарарға вето қойған болатын. 1993 жылы құрылған халықаралық миссия Тбилиси мен Абхазиядағы сепаратистер арасындағы атыстың тоқтатылуын бақылаған еді.
XS
SM
MD
LG