Accessibility links

Ингушетия билігі: Республикадағы қауіпсіздікті Шешенстан бақыламайды


Ингушетияның жергілікті билік орындары республикадағы қауіпсіздік жағдайын өздері бақылайтындарын айтып отыр. Сейсенбі күні Шешенстан президенті Рамзан Қадыров осы аптада орын алған жарылыстан Ингушетия президенті Юнус-Бек Евкуров қатты жараланған соң Ресей президенті Дмитрий Медведевтің оған Ингушетиядағы бүлікшілермен күресуді тапсырғанын мәлімдеген болатын. Бірақ Евкуровтың баспасөз хатшысы Калой Ахилговтың айтуынша, Ингушетиядағы қауіпсіздікке қатысты барлық қадамдар республиканың өзінде бақыланатын болады. Бұл туралы ол «Эхо Москвы» радиосына берген сұхбатында мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG