Accessibility links

Схеффер: НАТО бүлікшілердің шекарадан өтуін тоқтата алмайды


Қызметінен кетейін деп жатқан НАТО бас хатшысы Яап де Хооп Схеффердің мәлімдеуінше, НАТО күштері Ауғанстандағы бүлікшілердің шетелге көшуінің алдын-ала алмайды. Франс-Пресс ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Схеффер таяуда Орталық Азияда орын алған шабуылдардың Ауғанстан мен Пәкістандағы әскери операциялармен байланысы бар ма жоқ па - әзірше белгісіз деп атап көрсетті.

Мамандар Ауғанстан мен Пәкістандағы зорлық-зомбылық әрекеттері Орталық Азияға жайылуы мүмкін деп алаңдап отыр. Таяуда Өзбекстан мен Қырғызстанда исламшыл бүлікшілерге қатысты зорлық-зомбылық орын алған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG