Accessibility links

Атырау соты Италияның азаматына айыппұл төлеуге үкім шығарды


Атырау қалалық соты Италияның азаматы Санфилиппо Сальваторға Қазақстан аумағында шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды рұқсатсыз жұмысқа қабылдағаны үшін жеті айлық жалақысы көлемінде, яғни 2 миллион 312 мың теңге айыппұл төлеуге үкім шығарды, — деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

«ЭКСКО Техникал Сервисез АГ» компаниясы Атырау филиалының директоры Санфилиппо Сальватор үш шетелдікті жергілікті өкілетті органдардың рұқсатынсыз жұмысқа заңсыз қабылдап, оларға айлық жалақы төлеп отырған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG