Accessibility links

НАТО форумында Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзін Марат Тәжин ағылшынша оқып берді


Бүгін Астанада өтетін Солтүстік Атлантика Шарты Ұйымы (НАТО) Еуро-атлантикалық әріптестік кеңесінің ІІІ форумының ашылуына Қазақстан басшысы қатыспады, — деп хабарлайды ҚазТАГ.

Алғаш рет посткеңестік кеңістікте өткізіліп отырған форумның бағдарламасында Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысатындығы мен сөз сөйлейтіндігі белгіленген еді.

Мемлекет басшысының форум қатысушыларына арнау сөзін сыртқы істер министрі Марат Тәжин оқып берді, бірақ ағылшын тіліндегі бұл арнау сөздің қазақша және орысша аудармасы техникалық себептерге байланысты қамтамасыз етілген жоқ.
XS
SM
MD
LG