Accessibility links

Иран Италиядағы "Үлкен-8" жиынынан бас тартуда


Иран Италиядағы Үлкен-8 тобының сыртқы істер министрлері кездесуіне шақыртуды қабылдамай отыр. Бұл Иран билігінің шерушілерді күшпен басып тастауына байланысты Теһран мен Батыс елдері арасында кикілжің орын алып отырған тұста болып отыр.
Иран сыртқы істер министрі Манучир Моттаки Италияның солтүстігіндегі Триест қаласындағы Үлкен-8 тобының жиынына бару жоспары жоқ екенін айтты.
Иранның рухани жетекшісі Аятолла Әли Хаменеи сәрсенбі күні маусымның 12-де өткен сайлаудың нәтижесі өзгермейді деген.
Бүгін сондай-ақ ирандық діни диссидент Аятолла Хоссейн Әли Монтазери елдегі оппозиция қолдаушыларын басып-жаншу үкіметтің негізін түбірімен қопарып жіберуі мүмкін деп айтты.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG