Accessibility links

Ресей Нигериямен мұнай-газ келісімдерін жасады


Ресей Нигерия елімен атом энергиясына қатысты ынтымақтастық, мұнай және газ саласында бірлесе жұмыс жасау жөніндегі келісімдерге қол қойды. Оған Африканың ең мұнайлы елінде сапармен жүрген Ресей президенті Дмитрий Медведевтің сапары кезінде қол жетіп отыр.
Медведев батыс-африкан еліне Ресей инвестициясының салынуы соңында миллиардтаған доллар болатын пайда әкелуі мүмкін деген. Ресей-Нигерия келісіміне африкан мемлекетінде бірлесіп мұнай-газ өндіретін Газпром компаниясы мен Нигерияның ірі мұнай компаниясы арасында кәсіпорын құру мәселесі еніп отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG