Accessibility links

Политковская өліміне қатысты сот қайта өтеді


Ресейдің Жоғарғы соты "Новая газета" басылымының тілшісі болған, кісі қолынан қаза тапқан журналист Анна Политковскаяның өліміне қатысты шығарылған сот үкімін жарамсыз деп тауып, прокурордың шағымы бойынша сотты қайтадан өткізуге нұсқау берді.
Ақпан айының 19-да Мәскеу соты адам өліміне күдікті делінген ағайынды Жәбрейл мен Ибрагим Махмудовтарды полиция қызметкері Сергей Хаджиқұрбановпен бірге әрекет етті деп, қылмысты ұйымдастыруда айыпты емес деп тапқан.
Кремлді қатты сынаушы болған Политковскаяны Мәскеудегі үйінің жанында 2006 жылдың 7-ші қарашасында атып кеткен болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG