Accessibility links

Медведев сапарын уранға бай Намибияда жалғастырды


Бүгін Ресей президенті Дмитрий Медведев Африка елдеріне төрт күндік сапарын уранға бай Намибияда жалғастырды. Ел астанасы Виндхук қаласына жеткен Медведев мұнда энергетикалық келісімдер жасалған Нигерияға сапарынан кейін барды.
Намибияда Ресей президенті Медведев ел президентімен келіссөздер өткізеді. Намибиялық ақпарат көздерінің хабарлауынша, елдің Намкор мұнай компаниясы Газпромның еншілес компаниясы Газпромбанкпен келісім жасауға дайындалып отыр.
Келіссөздер барысында Намибияның уран қоры басты назарда болады деп күтілуде.
XS
SM
MD
LG