Accessibility links

ЕҚЫҰ Қазақстанның интернет туралы заңын сынады


Бүгін ЕҚЫҰ-ның ақпарат еркіндігі жөніндегі өкілі Миклош Харасти Қазақстан парламентінің сәрсенбі күні мақұлдаған интернетті мемлекеттің бақылауына алатын заң жобасын сынға алып отыр. Және ол Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты ол заңға қол қоймауға шақырды.

"Сенат енгізген аздаған өзгерістерге қарамастан, бұл заң жалпы алғанда интернет пен ақпарат еркіндігін шектейді. Ол заңның күшіне енуі - Қазақстанның ақпарат жетекшілігінің елді демократияландыру қадамдарын артқа тартады” делінген Миклош Харастидің Қазақстан президентіне жазған хатында.

Харастидің айтуынша, оның кеңсесі билікке қолдау көрсетіп, мәселен заң жобасының мақұлдануы ақпарат еркіндігінің талаптарына қаншалықты сәйкес келеді деген заңдық тұрғыда бағалау жүргізіп берген. Ол бағалаулар Қазақстан билігіне ақпан айында беріліп, сәуір айында Астанада таныстырылған.
Және Харасти Қазақстан бұл заңның ЕҚЫҰ-ның талаптары мен міндеттемелеріне қарама-қайшы келетін тұстарына назар аудартқан.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG