Accessibility links

Мағауов: Қазақстан Набукко жобасына қатыса алмайды


Қазақстан еркін газ ресурсының жоқтығы салдарынан Набукко жобасына қатыса алмайды. Бұл туралы бүгін Еуроатлантикалық әріптестік кеңесінің үшінші форумы аясында Қазақстанның энергетика және минералды ресурстар вице-министрі Әсет Мағауов мәлімдеді деп хабарлайды, Қазақстан бүгін агенттігінің тілшісі.
“Набуккоға қатысты бұл жоба бұрыннан талқыланып келеді. Қазақстан бұл мәселеде қолданбалы көзқарасты ұстанады: ресурстармен қамтамасыз ету әрі экономикалық тартымдылық болуы тиіс”- деген вице-министр.
Ресурстармен қамтамасыз етуде дегенде басқа елдердің емес бұл жоба үшін бірнші кезекте Қазақстанның қорларын айтып отырмын дейді вице-министр Мағауов.
Оның айтуынша, дәл қазіргі уақытта Қазақстан екі ірі жобаны бастап отыр. Біріншісі Каспий аймағы газқұбыры, оған Қазақстан 10 млд текше метр газ жеткізіп тұрмақшы. Екіншісі қытайлықтармен басталған жоба.
Каспий аймағының газын Ресейді айналып өтіп, Еуропаға жеткізетін Набукко жобасының құны 7,9 млд доллар.
XS
SM
MD
LG