Accessibility links

Талғат Ақуов: Серік Тұржановпен барлық кездесулерге тиым салынды


Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттік Ұлттық халық санағын жүргізуге бөлінген мемлекет қаржысын жымқырды деген айыппен ұсталған «КИІК Фирмасы» ЖШС-нің құрылтайшысы Серік Тұржановпен 5 шілдеге дейін барлық кездесулерге тиым салды, — деп хабарлайды тәуелсіз кәсіпкерлер ассоциациясының президенті Талғат Ақуов.

«Серік Тұржановтың адвокаты Хамида Айтқалиева бізге 5 шілдеге дейін онымен кездесуге болмайтындығын ескертті. Осылайша қаржы полициясы оны кездесу мен әңгімелесулерден тиып отыр, біз мұны оның конституциялық құқығын бұзу деп санаймыз. Қазір онымен кездесуге туыстарына да, қоғамдық қорғаушыларға да рұқсат берілмей отыр. Бірақ әзірге ешкім бұған қарсылық білдірген жоқ», — деді Талғат Ақуов.

Бірақ Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттік «бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтіндігін» айтады.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, «КИІК Фирмасы» ЖШС-нің құрылтайшысы Серік Тұржанов маусымның 2-і күні жемқорлық жасады деген күдікпен осы фирманың бас директоры Александр Нысанов және статистика агенттігі төрағасының орынбасары Бірлік Меңдібаевтармен бірге қамауға алынған болатын.
XS
SM
MD
LG