Accessibility links

Мұғалімдердің жалақысын жымқырғандар анықталды


Қазақстан Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлағандай, Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы білім бөлімінің бухгалтерлеріне қатысты ірі көлемдегі бюджет қаржысын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Бюджет қаржысын жымқыру жүкті әйелдерге берілетін жәрдемақы мен мұғалімдердің уақытша еңбекке қабілетсіздігіне байланысты төленетін ақшаны аудару тәсілімен жасалған, бұл қаржының жалпы көлемі 15 миллион теңгеден асады», — делінген баспасөз қызметінің мәліметінде. Қазір бұл қылмыстық іс зерттелуде.

Бұған қоса білім бөлімінің бухгалтериясы осы жылдың сәуір айында аудандағы екі жүзден астам мұғалімнің 40% жалақыларын заңсыз ұстап қалған. Заңсыз ұсталған жалақының көлемі 2, 18 миллион теңге.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG