Accessibility links

Журналистер Обамадан өздеріне күш көрсету мәселесін көтеруді сұрайды


Журналистерді қорғау комитеті АҚШ президенті Барак Обамадан Ресей басшысы Дмитрий Медведевпен әңгімеде журналистерге күш көрсету мәселесін көтеруді сұрады.

Комитеттің үндеуінде 2000 жылдан бері ресейлік 17 журналистің кәсіби жұмысына байланысты немесе күдікті жағдайда өлтірілгендігі айтылған. Осы жағдайдың біреуінде ғана қылмыскер жауапқа тартылған. Құқық қорғаушылардың мәліметінше, бұл қылмыстарды зерттеулер саяси қысымға, мүдделер қақтығысына ұласып, ашық түрде жүргізілмейді.

Шілденің 6-8-і аралығында Мәскеуде Ресей -АҚШ саммиті өткізіледі.
XS
SM
MD
LG