Accessibility links

“Үлкен-8 тобы” Иран қақтығысын айыптамақ


Бүгін “Үлкен сегіздік” елдері Ирандағы сайлаудан кейін болған қақтығыстарды айыптап, иран билігін дағдарысты бейбіт және демократиялық жолмен шешуге шақырады деп күтілуде.
Иран Италияның Триест қаласындағы "Үлкен сегіздік "елдері сыртқы істер министрлерінің бұл жиынына шақырылған болатын. Бірақ Теһран маусымның 12-дегі президенттік сайлаудан кейін қалыптасқан жағдайға байланысты Батыспен арасында кикілжің орын алған соң, ол кездесуге барудан бас тартқан. Иранның президенттіктен үміткері болған оппозициялық кандидат, Мир Хоссейн Мусави дауыс беру бұрмалаушылықпен өтті, президент Ахмадинежадтың жеңіске жетуі заңсыз деп отыр.
XS
SM
MD
LG