Accessibility links

Ақпараттық топтар: Иранда 40 журналист қамауда отыр


Журналистерді қорғау комитетінің айтуынша, Иран билігі елдегі даулы президенттік сайлаудан кейін 40 шақты журналист пен тілшіні қамауда ұстап отыр. Аталмыш ұйымның хабарына қарағанда, қамаудағылардың ішінде 25 адам реформашыл "Каламех Сабз" газетінің қызметкерлері болып табылады. Ол ұсталғандардың көбі ирандықтар, бірақ араларында Washington Times-тың тілшісі грекиялық азамат та бар. Екі апта бұрынғы президенттік сайлаудан бері Иран оппозиция қолдаушыларын басып тастап, ақпарат ұйымдарына шектеу енгізді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG