Accessibility links

Боснияның мұсылман-хорват парламенті жаңа премьерді таңдады


Боснияның мұсылман-хорват парламенті елдің премьер-министрі етіп, Мұстафа Муезиновичті сайлады. Муезинович мамыр айында қызмет бабын асыра пайдаланды деген айыппен отставкаға кеткен Нежад Бранковичтің орнына келіп отыр. Муезиновичтің үкімет басшылығына сайлануы - Халықаралық Валюта қорының Боснияға 1,6 млд доллар несие беруді мұсылман-хорват үкіметінің несие талаптарын орындамай отырғанына байланысты кейінге қалдырған соң болды. Жаңа премьер-министр өзінің басым бағыты несиені қауіпсіздендіру болатынын айтты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG