Accessibility links

Обама Ирандағы оппозициялық үміткерді мадақтады


АҚШ президенті Барак Обама Иранның даулы президент сайлауына түскен оппозициялық үміткер Мир Хоссейн Мусавиді мадақтап, ол Иранды әлемге ашуға қызығушылық танытқан ирандықтарды ынталандырды деп мәлімдеді. Жұма күні Вашингтонда Германия канцлері Ангела Меркелмен бірге өткізген баспасөз маслихатында Обама билік орындары қолдап отырған зорлық-зомбылық барысында Ирандағы наразылық танытушылардың батырлығын атап өтті.

Адам құқықтарын қорғаушы топтар Иран билігін шерулерге қатысқан жүздеген белсенді мен журналистерді, профессорлар мен студенттерді қамауға алғаны үшін сынап отыр. Иранның жоғары лауазымды діни тұлғасы Аятолла Ахмад Хатами елдің сот жүйесін наразылық танытушылардың жетекшілерін аямауға шақырып, олардың кейбірі тіпті өлім жазасына кесілуі керек деп мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG