Accessibility links

Ауғанстандағы шабуылдан 9 полицей қаза тапты


Ауған ресмилерінің айтуынша, жұма күні елдің оңтүстігіндегі Хелманд өлкесінде Талибан бүлікшілерімен арада орын алған шайқаста 8 полиция қызметкері қаза тапқан. Провинция әкімінің баспасөз хатшысы Дауд Ахмадидің мәлімдеуінше, Лашкаргахтан 10 шақырым жердегі полиция бекетіне жасалған шабуылдан кейін бірнеше полиция қызметкері жоғалып кеткен. Сонымен қатар сенбі күні Лагман өлкесінде орын алған жарылыстан бір полиция қызметкері мен оның оққағары құрбан болған.

Ауғанстанда тамыздың 20-да президент сайлауы өтеді. Сайлау жақындаған сайын елде зорлық-зомбылық әрекеттері көбеюде.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG