Accessibility links

НАТО мен Ресей байланыстарын қалпына келтірді


НАТО мен Мәскеу ресми әскери байланыстарын қалпына келтірді. Бұл туралы НАТО бас хатшысы Яап де Хооп Схеффер хабарлады. Сенбі күні Грецияның Корфу аралында Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен НАТО-ға мүше 28 елдің сыртқы істер министрлері Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммитті барысында кездесті. Бұл тамыз айындағы Ресей-Грузия соғысынан кейін НАТО мен Мәскеу арасында өткізілген алғашқы жоғары деңгейлі кездесу. Екі жақ арасындағы әскери қарым-қатынастар әлгі қақтығыстан кейін шиеленісе түскен болатын.
XS
SM
MD
LG