Accessibility links

Карруби: Иранның даулы президент сайлауы тәуелсіз тергелуі тиіс


Иранның президент сайлауында жеңілген үміткер Мехди Карруби маусымның 12-дегі сайлауда болған заңбұзушылықтардың тәуелсіз түрде тергелуін талап етуде. Сақшылар кеңесіне жолдаған хатында Карруби сайлаудың барлық аспектілерін тергейтін тәуелсіз панель құрылуын қолдайтынын айтқан. Алайда сайлауда президент Махмуд Ахмадинежадтың негізгі қарсыласы болған оппозиция жетекшісі Мир Хоссейн Мусави мұны жоққа шығарып, сайлау қайта өткізілуі керек деп отыр.
XS
SM
MD
LG