Accessibility links

Израиль президенті Қазақстанға келеді


Израиль президенті Шимон Перес жексенбі күні Әзірбайжан мен Қазақстанға сапарын бастайды. Израиль аталған екі елмен стратегиялық және экономикалық байланыстарын нығайтпақшы. Бұл туралы Израиль президентінің кеңсесі хабарлап отыр. Төрткүндік мемлекеттік сапары барысында Шимон Перес Әзірбайжан және Қазақстан жетекшілерімен келіссөз өткізбек. Ол сондай-ақ сәрсенбі күні Қазақстанда діни конференцияда сөз сөйлемек.
XS
SM
MD
LG