Accessibility links

Иранда Британия елшілігінің қызметкерлері тұтқындалды


Теһраннан келіп түскен хабарға қарағанда, Британия елшілігінде жұмыс істейтін 8 ирандық қызметкер сайлаудан кейінгі толқуларға қатысқаны үшін қамауға алынған. Фарс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, әлгі толқуларда айтарлықтай роль атқарған 8 адам абақтыға жабылды. Иран Батыс елдерін маусымның 12-дегі президент сайлауынан кейінгі наразылық шараларына түрткі болды деп айыптаған болатын. Британия мен АҚШ мұндай айыптауларды жоққа шығаруда.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG