Accessibility links

Дағыстандағы шайқаста 5 адам қаза тапты


Дағыстанда орын алған әскери операцияда 4 бүлікші мен бір сарбаз өлтірілді. Аймақтың ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, сенбіден жексенбіге қараған түні Махачкала қаласының жанындағы орманда қауіпсіздік күштері бүлікшілерді қоршап алған. Бұл қақтығыста сондай-ақ бір сарбаз қатты жараланып, кейін қайтыс болған.

Дағыстанда негізінен мұсылмандар тұрады. Ресейдің оңтүстігіндегі бұл аймақта исламшыл бүлікшілер мен үкімет күштері арасында шайқастар жиі орын алады.
XS
SM
MD
LG