Accessibility links

Израиль президенті Әзірбайжанға барды


Израиль президенті Шимон Перес жексенбі күні Әзірбайжан мен Қазақстанға сапарын бастады. Шимон Перестің ұшағы Баку әуе жайына қонды деп хабарланып отыр.

Израиль президенті кеңсесінің мәлімдеуінш, Израиль аталған екі елмен стратегиялық және экономикалық байланыстарын нығайтпақшы. Төрткүндік мемлекеттік сапары барысында Шимон Перес Әзірбайжан және Қазақстан жетекшілерімен келіссөз өткізбек. Ол сондай-ақ сәрсенбі күні Қазақстанда діни конференцияда сөз сөйлемек.
XS
SM
MD
LG