Accessibility links

«Ғасыр алаяғына» үкім шығарылады



Бүгін Нью-Йорк сотында 150 жыл түрмеде отыру қаупі төніп тұрған қаржылық «ғасыр пирамидасын» құрушы Бернард Мэдоффқа үкім шығарылады.

Nasdaq қор биржасының бұрынғы басшысы және құрушысы 71 жастағы Мэдоффқа 150 жыл түрмеде отыру жазасына тартылумен бірге келтірілген залалдың екі есе көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

Мэдоффтың қорғаушылары соттан оның қалған жасын 13 жыл деп есептеп, 12 жыл түрмеге жабу жазасын сұрап отыр.

Жақында АҚШ федералды соты Мэдоффтың 170 миллиард долларға бағаланған мүлкін тәркіледі. АҚШ заңы бойынша ол келтірілген шығынды үш есеге дейінгі көлемде өндіруге міндетті. Оның әйелі де өзінің жеке меншігіндегі 80 миллион долларды мемлекетке беруі тиіс.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, сотта Мэдофф 20 жыл бойы инвесторларды алдап келгенін, ешқандай инвестиция жөнінде келісім жасамағанын, жәй ғана тұтынушылардың ақшасын өзінің есепшотына аударып отырғанын мойындаған еді. Оған алданған салымшылардың қатарында АҚШ-тың танымал тұлғалары мен бақуаттары адамдары және әлемдегі ірі банктер BNP Paribas, HSBC, Credit Agricole, Societe Generale, Natixis, Nomura, Royal Bank of Scotland, UniCredit сияқты ұйымдар бар.
XS
SM
MD
LG